Бибісара Асаубаева Global Chess League турнирінде тағы бір жеңіске жетті

10:42, 12 қыркүйек 2026
MKZ: 1566461

© Сурет: Instagram/stlchessclub

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінің тоғызыншы турында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, FYERS American Gambits командасының намысын қорғап жүрген қазақстандық шахматшы Үндістан өкілі Дивья Дешмухпен кездесті.

Бибісара 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Осылайша, Бибісараның еншісінде екі жеңіс, төрт тең ойын және үш жеңіліс бар.

Тоғыз турдан кейін FYERS American Gambits командасы үшінші орында келеді.

Global Chess League-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры – 1 млн доллар (454 млн теңге). Жарыс Үндістанда 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!