«Қазгидромет» Алматы тұрғындарына ескерту жасады
© Фото: pexels
Синоптиктер 2026 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстанның үш қаласында ауа ластануының жоғарылау қаупі барын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
12 қыркүйекте Алматыда, сондай-ақ түнде Ақтөбе мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Бұл туралы "Қазгидромет" таратқан мәліметте айтылған.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесуі. Мұндай жағдайлар зиянды және ластаушы заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал етеді.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады. Әсіресе, автожолдар мен басқа да ластау көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеген жөн.
Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауаға шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі керек.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 12 қыркүйек 2026
Леди Гага алғаш рет ана атанды
-
13:26, 12 қыркүйек 2026
Ақтөбе облысында 90-жылдар стилінде той жасағандарға айыппұл салынды
-
12:44, 12 қыркүйек 2026
2026 жылғы Азия ойындарындағы гимнастика: ұлттық құраманың тізімі
-
12:12, 12 қыркүйек 2026
Каратэден Азия ойындарында ел намысын кімдер қорғайды
-
11:43, 12 қыркүйек 2026
12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай





