Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі
© Фото: unsplash
Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Кей облыстарда желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетіп, кей жерлерде тұман және қатты ыстық болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: кей уақыттарда жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағанды қ.: күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. 12-14 қыркүйекте облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 12-14 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: күндіз кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавл қ.: күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: таңертең және күндіз жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Күннің екінші жартысында Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Семей қ.: жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодар қ.: оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:25, 11 қыркүйек 2026
Түркістан әуежайында ұшақ ұшу жолағында тұрып қалды – полиция мән-жайды айтты
-
21:12, 11 қыркүйек 2026
Жамбыл облысында 17 жастағы жасөспірім есірткі қолданғаны үшін айыппұл арқалады
-
20:29, 11 қыркүйек 2026
Алматыда электр желісінің зақымдалуына байланысты көше бір аптаға жабылады
-
20:12, 11 қыркүйек 2026
Алматыда +32°C-қа дейін ыстық болады: шаң көтеріліп, найзағай ойнайды
-
19:59, 11 қыркүйек 2026
Вице-президент жаңа қоғамдық этиканы қалыптастырудың маңызын атап өтті





