Creative Aimaq: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде
© Сурет: Қызылорда облысы әкімдігі
12–13 қыркүйек күндері Астана қаласында "Creative Aimaq" республикалық жобасы аясында "Тамырдан туындыға…" атты көрме-жәрмеңке өтіп жатыр.
Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрлері Евгений Кочетов, Айбек Сыдықов, Креативті индустрияларды дамыту қорының басқарма төрағасы Ерлан Қаналимов, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет және зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, елордалық тұрғындар қатысты.
Жоба Сыр өңірінің бай тарихи-мәдени мұрасын заманауи шығармашылықпен сабақтастырып, ұлттық құндылықтарды жаңа форматта танытуға және тың идеяларды жүзеге асыруға арналған.
Іс-шараға 100-ге жуық креатор қатысып, 21 экономикалық қызмет бағыты бойынша авторлық туындылары мен шығармашылық өнімдерін көпшілік назарына ұсынуда. Келушілер Сыр бойының басты брендтерінің біріне айналған ақ күріштен салынған бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Шығармалар күріштің өңір тарихы мен тұрмысындағы маңызын, Сыр елінің табиғаты мен мәдени ерекшелігін танытады.
Сонымен қатар көрмеге дәстүрлі қолөнер мәдениетін дәріптейтін сүйек, ағаш және киізден жасалған ұлттық бұйымдар қойылған. Әр бұйымда Сыр бойына тән ұлттық нақыш, дәстүрлі өрнек және табиғи материалдарды өңдеудің өзіндік шеберлігі көрініс тапқан.
Креативті алаңда Qyzylorda Hub мамандары өз жобаларын, "Qyzylorda" телеарнасы "Syr Travel", "Qyzylorda Expedition", "Құдайы қонақ" секілді креативті жобаларын таныстырады.
Сонымен қатар екі күн бойы Qazaq Creative Hub алаңында Сыр өңірінің өнерпаздары жасанды интеллект технологияларын шығармашылықпен ұштастырған концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынады.
Айта кетейік, аймақта креативті индустрияны дамыту бағытында белсенді жұмыс істеп келе жатқан 146 креатордың 120-сы, яғни 82,2 пайызы республикалық креаторлар реестріне енгізілген. Бұл көрсеткіш Қызылорда облысын республика өңірлері арасында алғашқы үштікке орнықтырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:50, 12 қыркүйек 2026
Ақтөбеде «Гүлдер әлемі» фестивалі өтті
-
17:38, 12 қыркүйек 2026
Тоқаев Нью-Делиге барды
-
17:01, 12 қыркүйек 2026
Алматы облысында шатқалда жеті оқушы мен екі мұғалім жоғалып кетті
-
16:46, 12 қыркүйек 2026
Астанада әйел 15-қабаттан құлап, бала отырған арбаның үстіне түсті: екеуі де қаза тапты
-
16:00, 12 қыркүйек 2026
Қазақстанда 13 қыркүйекте нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, дауылды жел соғады









