«Дөрекілік жасады»: Алматы көшелеріндегі алаңдатарлық видео полицияны аяғынан тік тұрғызды

22:25, 11 қыркүйек 2026
MKZ: 1566428

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Алматыда полиция өтіп бара жатқан адамдар мен көліктерге тас лақтырған 27 жастағы қызды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаға куә болған әйелдің жазбасы көпшіліктің назарын аударған. Threads қолданушысы мегаполистің көшелерінің бірінде болған жанжалды видеоға түсіріп, жариялаған.

Кадрлардан әйелдің адамдарға агрессивті әрекет жасап жатқанын көруге болады.

"Күндіз адамдарға шабуыл жасап жүр. Ол тас іздеп жүгірді, бірақ тас болмады. Бір уыс топырақ алып, әрі қарай дөрекілік жасай бастады. Неге мұндай адамдарды қоғамнан оқшауламайды? Біз ересек адамдармыз, ал ол өзін қорғай алмайтын балаға шабуыл жасаса не болады?" – деп ашуланды видео авторы.

Жазбаға пікір қалдырған алматылықтар осы әйелге қатысты өздерінде бар басқа да видеолармен бөліскен.

Куәгерлердің айтуынша, әйел адамдарға бірнеше рет тас лақтырып, нысанаға тура басынан көздеген.

Оқиғаға Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"2026 жылғы 9 қыркүйекте Бостандық аудандық полиция басқармасында материал тіркелді. Сол күні сағат 17:44-те Розыбакиев көшесінде бейтаныс әйелдің жүріп бара жатқан көліктерге тас лақтырып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері 1999 жылы туған азаматшаны ұстап, аудандық басқармаға жеткізді", – деп хабарлады ведомство 11 қыркүйекте Zakon.kz тілшісіне.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!