Тойды сағынған халық балконнан концерт қоюда

13:04, 6 сәуір 2020

Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, еліміздегі қос мегаполис тұрғындары үшін карантин режимі тағы бір аптаға ұзарып, 13 сәуірге дейін жалғасатын болды. Бұл сіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін жасалып жатқан шара. Қанша айтсақ та, артық етпейді.

Вирусқа төтеп берудің бірден бір төте жолы үйде отыру. Мұндайда бірі төрт қабырғада не істерін білмей дал болса, өзгесі бұл сәттерді барынша көңілді өткізуде. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Карантин. Далада жан баласы жоқ. Тым-тырыс. Мүлгіген тыныштық. Күндіз.

Ал нағыз қызықтың төресі түнде басталады.

"Гүлің болып егілемін. Жырың болып, төгілемін елім, туған жерім менің Қазақстаным"


Халық әдеттен озбады. Әуелі әнұранды шырқады. Жүректен шыққан ән, жүрекке дейін жетті. Жиылған жұртты елжіретті.

Карантиндегі концерттің ресми бөлімі ұзақ болмады, аяқталды тез. Өйткені көңілді әуенге келді кез.

"Оо, бұл дискотека из девяностых"


Екі апталық карантинде жұрт басқаны қайдам, анығы тойды әбден сағынған тәрізді.

"Кел биле кел биле достарым. Бұл өмір, бұл өмір қас-қағым"


Ал концерті жоқ, тойы жоқ әншілер қайтып күн көрер? Бірі сахнаны балконға, тыңдарманды - көрші-қауымға алмастырса...

"Қазағым қазағым, таусылмасын ғажабың. Қайсар халқым ай. Қазағым, сарқылмасын өз әнің, қазағым бұзылмасын ғажабын ай"

Өзгесі балаларының көңілін көтеріп мәз.

Сахна еркелері де шет қалмады. Олар да оқырмандарына әсем ән арнады. Айтып айтпай не керек, образдары да біз үйренген емес, бұрынғыдан өзгерек.

Осындайда музыканттар да қалыспады. Күмбірлеген күйімен тыңдармандарының құлақ құрышын қандырды.

Вирустың таралу аймағын тарылту үшін карантин тағы бір аптаға созалатын болды. Ал төрт қабырғаға телміріп отырам деушілердің қалың емес қарасы, өйткені сыртқа шығуға әркімнің-ақ бар таласы.

Жасыратыны жоқ, ерлі-зайыптылар әр минутын бірге өткізуде қазір. Бала-шаға тағы бар. Қуанатындай да, бір жағынан алаңдайтындай да жағдай. Мысалы көрші Қытайдың жұптары бұған шыдай алмаған. Салдарынан карантиннің соңы ажырасумен аяқталған. Ал бізде шүкір, ұрыс-керіс жоқ әлі. Бәрі тек әзілмен ғана шектелуде.

Елдегі жай халықтың еңсесін түсірмеген. Жұрт уақытты барынша тиімді әрі көңілді өткізуде. Әрине бұл демалыс емес, мәжбүрлі шара. Бірақ вирусқа төтеп беруде көңіл-күйдің де алар орны ерекше. Былай жалғаса берсе, пандемияны жеңер күн де алыс болмасы анық.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!