Жасөспірімдер арасындағы АЧ: Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль еншіледі
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, отандастарымыз семсерлесуден командалық сайыста жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Аталған сында Қазақстан намысын Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов, Яков Федотов, Нариман Уәлихан қорғады.
Турнир барысында қазақстандық семсерлесушілер Жаңа Зеландияны (45:31) және Өзбекстанды (44:33) жеңді.
Жартылай финалда ұлттық құрама Гонконгқа (37:45) жол беріп, нәтижесінде жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Бұған дейін Германияда Қазақстан спортшысы бір күнде екі алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:20, 27 ақпан 2026
Қызылорда облысының әкімі ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен кездесті
-
22:08, 27 ақпан 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті желідегі сыбысқа байланысты мәлімдеме жасады
-
21:39, 27 ақпан 2026
Германияда Қазақстан спортшысы бір күнде екі алтын медаль жеңіп алды
-
21:31, 27 ақпан 2026
Таразда әпкесінің көлігін ұрлап, рөлге отырған жасөспірім полициядан қашпақ болған
-
21:00, 27 ақпан 2026
«Қар, тұман, көктайғақ». Сенбіде еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды





