Павлодарда қызымен ұрсысып қалған студент бозбала өз-өзін жарақаттады
© Фото: zakon.kz
Павлодарда медициналық колледжде кәмелетке толмаған студент өзіне жарақат салған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бозбала қызымен арада болған ұрыстан кейін осындай эмоционалды қадамға барған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат желіде 2026 жылдың 27 ақпанында пайда болды. Әлеуметтік желіде куәгерлер жас жігіттің колледжге келіп, қызымен арадағы қарым-қатынасты анықтауға тырысқанын әрі ұрыс-жанжал кезінде оның өзіне қарсы өткір құрал қолданғанын айтады.
Павлодар облысының полиция департаменті аталған фактіні растап, оқиға орнына тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем бригадасы дереу жеткенін атап өтті.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, колледждің кәмелетке толмаған студенті иығы тұсына дене жарақатын салған. Жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсетілді, содан кейін ол үйіне жіберілді. Оқиға құралы тәркіленді. Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді Zakon.kz тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметі.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, оқиға құралы тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.
Полицейлер оқиғаның барлық себептері мен өзге де деректерін анықтайтын болады.
Бұған дейін Ақтөбе облысы, Темір ауданында шаруашылық құрылыс нысандарының бірінен 23 жастағы тарих пәнінің мұғалімі өлі күйінде табылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:15, 27 ақпан 2026
Странджа кубогы: әйелдер арасында алты боксшы жартылай финалға өтті
-
19:45, 27 ақпан 2026
Алматы облысында жол ережесін бұзған жүргізушілер дрон арқылы анықталуда
-
19:35, 27 ақпан 2026
Өскемендегі сары аяз: ҚАЖ қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, көшеге шықты
-
19:02, 27 ақпан 2026
Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтты қабылдады
-
18:57, 27 ақпан 2026
СІМ Қазақстан азаматтарына Иранға барудан уақытша бас тарта тұруды ұсынды





