Тимофей Скатов теннистен Римде өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалына жолдама алды

18:03, 22 сәуір 2025

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Рим қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/16 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш кезеңде отандасымыз француз спортшысы Антуан Корнутпен кездесті.

Кездесу екі сетке созылды. Скатов матчты 7:6 (7:1), 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Айта кетейік, Тимофейдің 1/8 финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!