Тікұшақ апаты: Павлодар облысында қаралы қауым Бақтияр Ержігітовті ақтық сапарға шығарып салды
© Сурет: Павлодар облысы әкімдігі
Шарбақты ауданы Шалдай ауылынан шыққан, ұшқыш Бақтияр Ержігітовті туған-туыстары мен жақындары ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, Алматы облысында апатқа ұшыраған әскери тікұшақтағы екі ұшқыштың денесі күні кеше Сорбұлақ көлінің түбінен табылған болатын.
Облыс әкімі Асайын Байханов Ертіс-Баян жұртшылығы атынан жары Раушанға, балалары Ахмад пен Айлинге, ата-анасы Сәниолла Ержігітұлы мен Айман Задашқызына қайғырып көңіл айтты.
"Сорбұлақ көлі үстінде әскери тікұшақ кенеттен байланыссыз қалған сәтте, бәріміздің жүрегіміз бір үміт, бір күдікпен соқты. "Аман болар… оралар…" деген тілекпен алаңдап, дұғада болдық. Алайда тағдырдың жазуы басқа екен. Бақтияр ата-анасының көз қуанышы, отбасының тірегі, елінің ертеңіне үміт болған азамат еді. Сіздердің қайғыларыңыз – баршамыздың ортақ қайғымыз. Бахтияр есімізде мәңгі, жүректерге өшпестей із қалдырған қаһарман батыр. Жаны жәннәтта, нұры пейіште шалқысын", деп әкімдіктен аймақ басшысының сөзін келтіреді.
Марқұм Ақтөбедегі әскери училищені, Талғат Бигелдинов атындағы әскери институтты тәмамдап, Семейде, кейін Жетігенде қызмет етті. Борт инженері қызметінен майор шеніне дейін көтерілді. Жасы небәрі 32-де еді. Бірақ сол қысқа ғұмырдың өзі ерлікке, елге адалдыққа толы болды.
Еске сала кетейік, бортта үш әскери қызметкері болған EC-145 әскери тікұшағы 25 шілдеде радардан жоғалды. Келесі күні Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінен тікұшақ бөлшектері табылды. Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары жұмыс істеді. Өткен демалыс күндері екі адамның мәйіті су түбінен шығарылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 8 желтоқсан 2025
-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады
-
22:46, 8 желтоқсан 2025
СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды
-
21:29, 8 желтоқсан 2025
Семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді
-
21:19, 8 желтоқсан 2025
«Боран соғып, аяз болады». Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
20:47, 8 желтоқсан 2025
Оңтүстікте тойда өлең айтқан бұрынғы келініне қол көтерген ер адамға қатысты сот үкімі шықты





