TikTok-та балағат сөздер айтқан қазақстандық стример ауруханаға жатқызылды

14:57, 10 тамыз 2026
MKZ: 1560541

© Фото: Zakon.kz

TikTok әлеуметтік желісінде "Алтын қыз" лақап атымен танымал Байзақ ауданының 41 жастағы тұрғыны Лайло Қасымова тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылдың 10 тамызында Жамбыл облыстық Полиция департаментінің берген дерегінше, стримерге бұған дейін бірнеше рет ескерту жасалып, онымен профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Соған қарамастан ол жанжалға толы тікелей эфирлерін жалғастырып, өз балаларына қатысты қорлайтын сөздер айтқан. Әлеуметтік желідегі пікір қалдырушылар да әйелді сабырлы болуға шақырған.

"Полиция, қорғаншылық органдары және басқа да мүдделі қызметтердің қатысуымен балалардың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесіне тексеру жүргізілді. Жедел медициналық жәрдем бригадасының тексеруінен кейін Лайло Қасымова ем қабылдау үшін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды", – деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті.

Полицияның хабарлауынша, қазір балалар әкесінің қарауында.

Айта кетейік, шілде айының соңында Семей қаласының 26жастағы тұрғыны да TikTok-та балағат сөздер қолданғаны үшін қамауға алынған. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!