Ахмади Маханов алғаш рет World Tennis J100 турнирінің чемпионы атанды
© Фото: zakon.kz
Қазақстандық теннисші Ахмади Маханов Аустрияның Вена қаласында өтіп жатқан World Tennis J100 санатындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аустрия астанасындағы грунт төсенішінде өтіп жатқан жарыста Маханов жұптық сында жергілікті теннисші Леандер Таубермен бірге өнер көрсетті. Қазақстандық-аустриялық жұп турнирде төртінші нөмірмен тіркелді.
Финалда Маханов пен Таубер жарыстың екінші нөмірлі жұбы – норвегиялық Пол Хьортеланд пен Николай Шибаниге қарсы ойнады. Алғашқы сетте Норвегия өкілдері 6:4 есебімен басым түсті. Алайда екінші партияда Маханов пен Таубер ойын барысын өзгертіп, дәл осындай есеппен жеңіске жетті — 6:4. Чемпиондық тай-брейкте қазақстандық-аустриялық жұп 10:5 есебімен жеңіс тұғырынан көрінді.
Кездесудің қорытынды есебі — 4:6, 6:4, 10:5.
Осылайша, 15 жастағы Ахмади Маханов мансабында алғаш рет World Tennis J100 деңгейіндегі турнирдің жеңімпазы атанды. Бұған дейін қазақстандық теннисші J60 санатында үш рет — Чэнду, Қарағанды және Әндіжанда топ жарған. Сондай-ақ Манамада өткен J30 турнирлерінде екі рет чемпион атанған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:15, 8 қыркүйек 2026
Мәнерлеп сырғанаудан Таиландтағы Гран-при кезеңі: қазақстандықтардың нәтижелері
-
22:33, 8 қыркүйек 2026
Қазақстанның теннистен Дэвис кубогында Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
-
21:33, 8 қыркүйек 2026
Қазақстан триатлоннан Испаниядағы әлемдік серияның финалына қатысады
-
18:37, 8 қыркүйек 2026
Азиада-2026: бокстан Қазақстан ерлер құрамасының тізімі анықталды
-
17:07, 8 қыркүйек 2026
Азиада-2026: ауыр атлетикадан ел намысын кімдер қорғайды





