Шымкентте хакім Абайдың күні айрықша аталып өтуде
© Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі
Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, философы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, Шымкенттегі Абай саябағында ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салтанатты шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Гүл шоқтарын қою барысында Абай мұрасының қазақ руханиятындағы орны мен оның шығармаларындағы адамгершілік, білім, ғылым, еңбек, елдік құндылықтардың маңызы сөз болды.
Шарада сөз алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек хакім мұрасының уақыт өткен сайын құндылығы арта түсетінін атап өтті.
"Абай атамыз соқтықпалы, соқпақты заманда өмір сүріп, қазақ қоғамының санасына сәуле түсіретін, уақыт өткен сайын қадірі арта беретін мәңгілік мұра қалдырды. Ол өз дәуірінің ғана емес, кейінгі ұрпақтың да қамын ойлап, қазақ қоғамын білімге, ғылымға, адамгершілікке шақырды. Абайдың әрбір сөзі, әрбір ойы – адамды кемелдікке, елді өркениетке бастайтын рухани бағдар. Сондықтан хакімнің мұрасы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді", – деді ол.
Расында, Абайдың өмір сүрген кезеңі қазақ қоғамы үшін күрделі уақыт болғанымен, ақын елдің ертеңін білім мен ғылымнан, адал еңбек пен адамдық қасиеттен іздеді. Ол халықтың бойындағы кемшіліктерді сынап қана қоймай, одан арылудың жолын да көрсетті. Ақынның өлеңдері мен қара сөздеріндегі тағылымды ойлар адамды өзін-өзі жетілдіруге, білім іздеуге, еңбек етуге, әділет пен ар-ұятты биік қоюға үндейді.
Абай мұрасының өміршеңдігі де осында. Хакімнің адам болмысы, мінез-құлық, білім мен ғылым, ел бірлігі мен қоғам жауапкершілігі туралы ойлары бүгінгі заманмен де үндесіп жатыр. Сондықтан Абайды дәріптеу – ұлы тұлғаның есімін ұлықтаумен ғана шектелмей, оның аманат еткен құндылықтарын кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру.
Шараның жалғасы "Хәкім Абай" музейінде өрбіді. Қатысушылар музейге экскурсия жасап, ақынның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты құнды жәдігерлермен танысты.
Сонымен қатар, "Абай әлемі" ашық есік күні ұйымдастырылып, келушілер назарына "Абайдың асыл мұрасы", "Көркем әлемдегі Абай" және "Абайды оқы, таңырқа!" атты көрмелер ұсынылды. Көрмелерде ақынның әдеби мұрасы, шығармашылығы мен рухани әлемін танытатын құнды дүниелер көпшілік назарына ұсынылды.
Мәдени-танымдық шара барысында Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі терең философиялық ойлар, адамгершілік қағидалар мен ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталды.
Хакім Абайдың мұрасы – бір дәуірдің еншісінде қалған рухани қазына емес, ұлтпен бірге жасайтын мәңгілік құндылық. Оны оқу, түсіну және кейінгі ұрпаққа жеткізу – бүгінгі қоғамның да ортақ міндеті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:13, 10 тамыз 2026
Қазақстанды аптап ыстықтың жаңа толқыны шарпиды: оңтүстікте +44°C
-
13:08, 10 тамыз 2026
Қазақстанда әуе бағыттарын субсидиялау қағидалары өзгертілді
-
12:55, 10 тамыз 2026
Көрші ауылдың 165 қойын сатып жіберген: Ұлытауда малшының әрекеті әшкереленді
-
12:43, 10 тамыз 2026
WhatsApp-қа жасалатын шабуыл: Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға маңызды ақпармен жүгінді
-
12:37, 10 тамыз 2026
Ақтөбе облысында мас жүргізуші осымен екінші мәрте полицейлердің назарына ілікті







