«Қазгидромет» Алматы, Астана және тағы алты қаланың тұрғындарына ескерту жасады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін 2026 жылдың 10 тамызында Қазақстанның сегіз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Осыған байланысты тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге кеңес берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді.
"2026 жылғы 10 тамызда Жезқазған мен Алматыда, түнде Астана, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Өскемен және Семей қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген мамандардың ескертуінде.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың, атап айтқанда желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсияның жиынтығы.
Мұндай жағдайда тұрғындарға, әсіресе көлік жолдары мен ауаны ластайтын басқа да нысандардың маңында далада ұзақ жүрмеуге кеңес беріледі. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені жөн.
9 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдай төрт қалада болжанған еді: күндіз Ақтөбе, Алматы және Астанада, ал түнде Атырауда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:48, 10 тамыз 2026
Ер адам 9 мың метр биіктікте ұшақтың есігін ашпақ болды - видео
-
10:31, 10 тамыз 2026
Үкіметте мемлекеттік шекарадағы автокөлік өткізу пункттеріндегі жағдай бойынша жедел кеңес өтті
-
10:22, 10 тамыз 2026
Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалауға арналған бақылау белгісі қанша тұрады
-
10:15, 10 тамыз 2026
Қырғызстан тауларында альпинистер тобы із-түзсіз жоғалып кетті
-
10:06, 10 тамыз 2026
Қоқыс шығару кезінде көлік бүлінді: иесіне 1 млн теңгеге жуық өтемақы төленеді





