Үкіметте мемлекеттік шекарадағы автокөлік өткізу пункттеріндегі жағдай бойынша жедел кеңес өтті
© Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Үкіметінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мемлекеттік шекарадағы автокөлік өткізу пункттеріндегі жағдайға қатысты жедел кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметі 2026 жылғы 10 тамызда нақтылағандай, автокөлік өткізу пункттеріндегі қазіргі жағдай мен көлік ағынын ұйымдастыру тиімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша қаралды.
Жиынға Көлік, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшылары қатысты.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мемлекеттік шекарадағы ахуал және "Әлімбет", "Жайсан", "Сырым" өткізу пункттері арқылы автокөлік құралдарының жедел өтуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасы тыңдалды.
"Қазақстан тарапындағы өткізу пункттері тәулік бойы штаттық режимде жұмыс істейді. Еліміздің аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдардың маусымдық артуын ескере отырып, ЕАЭО ішкі контурындағы автомобиль өткізу пункттерінің уақтылы жаңғыртылуына бақылау күшейтілгені атап өтілді. Бұл бақылаудан өту уақытын қысқартады." ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Бұдан бөлек, жүк тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында басымдық берілген өткізу пункттерінің маңында жүргізушілерге арналған күту сервистік аймақтары құрылады.
"Бұл шекаралық бақылаудан өту кезеңінде жүргізушілердің жайлы жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Тиісті жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр." ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Жиын қорытындысы бойынша автокөлік құралдарының үздіксіз және жедел өткізілуін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.
"Осы мақсатта Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жедел штабтар ашты." ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Жағдай Үкіметтің тікелей бақылауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:48, 10 тамыз 2026
Ер адам 9 мың метр биіктікте ұшақтың есігін ашпақ болды - видео
-
10:22, 10 тамыз 2026
Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалауға арналған бақылау белгісі қанша тұрады
-
10:15, 10 тамыз 2026
Қырғызстан тауларында альпинистер тобы із-түзсіз жоғалып кетті
-
10:06, 10 тамыз 2026
Қоқыс шығару кезінде көлік бүлінді: иесіне 1 млн теңгеге жуық өтемақы төленеді
-
09:55, 10 тамыз 2026
«Қазгидромет» Алматы, Астана және тағы алты қаланың тұрғындарына ескерту жасады





