Атырауда саусағына темір «тағып алған» бала дәрігерлер мен құтқарушыларды әбігерге түсірді

09:49, 22 желтоқсан 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Саусағының біріне темір шайбаны тағып алып, оны ала алмаған бес жасар баланы ертіп ата-анасы ауруханаға барған. Өз кезегінде дәрігерлер оқиға орнына шұғыл құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесіндегі дәрігерлер 5 жасар баланың саусағын темір шайбадан босата алмады. Ол қызарып, тез ісіне бастады. Сондықтан ақ халаттылар құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

"ТЖМ қызметкерлері "тістегіш" авариялық-құтқару құралының көмегімен металл бөлшекті ақырын кесіп, шайбаны алып тастады. Баланың саусағын босату үшін бірнеше минут уақыт кетті", делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Құтқару операциясы сәтті аяқталды, бала медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ ата-аналарды мұқият болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Оқыс жағдайларда құтқару қызметінің 112 бірыңғай қоңырау нөміріне қоңырау шалу еске салынады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!