Қостанайда фельдшердің аяусыз соққыға жығылуы: Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады

09:39, 22 желтоқсан 2024

© Сурет: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай облысында фельдшер қыздың соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр бұл туралы 21 желтоқсанда Insagram-дағы парақшасында жазды.

"Жақында ғана Қостанайдағы жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды. Шақыртуға келген жас қызметкер - Анель Баймурзина соққыға жығылып, алған жарақаттарына байланысты ауруханаға түсті. Анель Баймурзинаның отбасына өз тарапымнан қолдау білдіре отырып, бұл жағдайдың назардан тыс қалмайтынын жеткіземін. Шұғыл медицина қызметкерлері адам өмірінің аса қауіпті кезеңінде көмекке келетін және өз өміріне төнген қатерге де мән беруге мүмкіндігі бола бермейтін қызметкерлер санатына жатады", - дейді сала басшысы.

Ол жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында елімізде қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде 158 медицина қызметкерлері зардап шеккенін баса атап өтті. Оның ішінде, 2022 жылы - 46; 2023 жылы - 80; 2024 жылы 9 шабуыл тіркелген.

"Медицина қызметкерлерінің қызметтік борышын орындауы барысында оларға жасалған шабуыл, зорлық - зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықты енгізуге байланысты депутаттардың қолдауына сүйендік. Мұндай әрекеттер еркіндікті шектеуге және қоғамның айыптауына дейінгі әділ жазасын алуы тиіс. Дәрігерлер мен мейіргерлер, бұл - Сіздің денсаулығыңызға күнделікті қамқорлық жасайтын, уақытпен, жеке өмірімен және қиын жағдайлармен санаспай көмекке келетін жандар. Денсаулық сақтау министрлігі өз өмірін қатерге тігіп, басқалардың өмірін сақтап қалатын медицина қызметкерлерінің қайсарлығы мен батылдығын атап өтетін болады. Әріптестерімнің өз мамандығына адалдығы қоғамға кеңінен танылып, бәрімізге үлгі болуы тиіс", деп қорытындылайды өз сөзін министр.

Бұған дейін Қостанайда шақырту бойынша келген фельдшерді қайтыс болған адамның туыстары аяусыз соққыға жыққаны хабарланған болатын. Фельдшер науқасқа реанимациялық шаралар жасаған, бірақ оны аман алу қалу мүмкін болмады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!