Тегі қате жазылған Жамбыл облысының тұрғынын зейнетке тіркеуден бас тартылған

12:50, 22 желтоқсан 2024

© Сурет: Zakon.kz

Жамбыл облысының тұрғынына зейнетақы алу үшін сотта өз құқығын қорғауға тура келді. Оған Еңбек кітапшасында тегінің соңғы әрпі қате жазылғаны үшін зейнетақы тіркеуден бас тартылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Арызданушы Б. 1985-1998 жылдары Жуалы ауданының "П" ұжымдық шаруашылығында әртүрлі мамандықта жұмыс істеген. Зейнетке шығу үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде, талап қоюшының еңбек кітапшасында тегінің соңғы әрпі дұрыс емес болуына байланысты Зейнетақыны беру орталығы оған зейнетақы төлеуден бас тартқан", делінеді Жуалы аудандық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот істі қарау барысында, мұрағаттың анықтамасындағы жоғарыда аталып өткен ұжымдық шаруашылығында жұмыс істеген жылдар мен мәліметтер болуына назар аударды.

Талап қою арызы қанағаттандырылды, сот кітапшасының арыз берушіге тиесілі екенін таныды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!