Қостанай облысында төтеншеліктер қар құрсауында қалып кеткен екі балықшыны құтқарды
© Сурет: pixabay
Қостанайлық құтқарушылар 22 желтоқсанда таңертең қар құрсауында қалып кеткен балықшыларды тауып, аман-есен үйіне жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таңертең, Қарасу ауылының жанында, Қойбағар көлінің маңында екі ер адам мінген жеңіл көлік қарға батып, боранда қалып кеткен.
"Қатты жел мен төмен температура жағдайды нашарлатып, олардың өміріне нақты қауіп төндірді. Көмек сұраған белгі түсе салысымен, құтқарушылардың кезекші ауысымы оқиға орнына жедел аттанды. Арнайы техниканы қолдана отырып, құтқарушылар көлікті қар құрсауынан эвакуациялап, балықшыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады". Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қостанай облысы ТЖД өңір тұрғындарына қыс мезгілінде қаладан тыс жерлерге шығу кезінде аса сақ болу қажеттігін еске салады. Мұндайда ауа-райы болжамын алдын ала біліп, жылы киім, жанармай қоры және байланыс үшін зарядталған телефон болуы маңызды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 22 желтоқсан 2024
Трамп Панама каналына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
-
16:41, 22 желтоқсан 2024
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
-
15:51, 22 желтоқсан 2024
Елордада толассыз қар жауып тұр. Қала әкімдігі мәлімдеме жасады
-
14:44, 22 желтоқсан 2024
Қарағанды облысында тоқтатылған жеңіл көліктен 13 қап марихуана табылды
-
13:49, 22 желтоқсан 2024
Ақтауда элиталы көліктердің жүргізушілері жол ортасына тоқтап, «лезгинка» билеген