Астанадағы ірі базардың маңында көлік қозғалысы шектеледі
© Фото: Zakon.kz
Астанада 2026 жылғы 7-13 тамыз аралығында Шоқан Уәлиханов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан Сәкен Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, шектеу жолға орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізіледі.
Осы кезеңде көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты барынша азайту үшін уақытша жол белгілері мен бағыттағыштар орнатылады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеріп, жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады", – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.
Жол жөнделетін бөлік тұрғындар арасында "Артем" базары ретінде танымал "Астаналық базардың" маңында орналасқан. Бұл – қаланың тарихи орталығындағы Астананың ең көне, ірі әрі көпшілік жиі баратын жабық базарларының бірі.
Бұған дейін 7 тамыздан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Алматыдан Тараз бағытына қарай көлік қозғалысы уақытша шектелетіні хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 22 қыркүйек 2026
Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды
-
22:10, 22 қыркүйек 2026
Семейде газгольдер жарылды: зардап шеккендер туралы не белгілі
-
21:50, 22 қыркүйек 2026
Астана әуежайы арқылы жүздеген iPhone 18 смартфонын заңсыз алып өтпек болған
-
21:41, 22 қыркүйек 2026
Бэлла Самашева Азиаданың қола медалі туралы: Туған күніме өзіме сыйлық жасадым
-
21:27, 22 қыркүйек 2026
Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді





