Терроризмге қарсы іс-қимыл: Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

© Сурет: akorda.kz
29 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жиын барысында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік органдардың басшылары мәлімет берді.
Мемлекет басшысы экстремистік әрекеттердің алғышарттарын анықтап, олардың алдын алу, халықаралық терроризмнің таралуына жол бермеу, соның ішінде заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны жетілдіру, дұрыс ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі кешенді тәсілдердің маңызды екенін атап өтті.
Отырыс соңында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:01, 17 маусым 2025
Таразда Орталық аудандық аурухана 22 миллион теңгеге дәрі-дәрмек жеткізген жеткізушіге ақы төлемеген
-
22:41, 17 маусым 2025
Ақтауда сатушы әйелге шабуыл жасаған ер адам сотталды
-
22:12, 17 маусым 2025
Жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
-
21:45, 17 маусым 2025
Семейдегі баланы қатыгездікпен ұрып-соққан жасөспірімдердің анасы ата-ана құқығынан айырылды
-
21:14, 17 маусым 2025
«Орталық Азия – Қытай» үшінші саммиті қайда өтеді