Терроризм туралы жалған хабарлама таратқан жасөспірім ұсталды

13:16, 18 қыркүйек 2026
MKZ: 1567581

© Фото: pexels

2026 жылғы 26 тамызда Украинаның Сумы қаласында Қазақстан ІІМ мен Украина киберполициясының бірлескен көмегімен Астанадағы сауда орталықтарының біріне террористік қауіп туралы жалған хабарлама жіберді деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тінту барысында ұялы телефондар, планшеттер, ноутбук, жүйелік блок және банк картасы тәркіленді.

Сонымен қатар электронды құрылғылардан цифрлық айғақтар, оның ішінде пайдаланылған аккаунт, жіберілген хабарламаның мәтіні және басқа да мәліметтер анықталды.

"Қазіргі уақытта тәркіленген техникаларға талдау жүргізілуде. Оның мақсаты – сыбайластарды анықтау және ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да жағдайларға қатысы бар-жоғын тексеру", деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

ҚР ІІМ жарылыс қаупі, терроризм, кепілге алу және қауіпсіздікке төнетін өзге де қауіп-қатерлер туралы жалған хабарламалардың әзіл емес екенін еске салды:

"Мұндай әрекеттер заң алдында елеулі жауапкершілікке әкеп соғады. Ата-аналарға балаларға интернеттегі қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық ережелерін түсіндіру, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді белсенділікке назар аудару ұсынылады".

2026 жылғы 15 қыркүйекте АҚШ-та заңды көші-қон мәртебесі болмағаны үшін Қазақстаннан барған үш баланың анасы ұсталғаны белгіліболды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!