АҚШ Алматыдағы бас консулын ауыстырды
© Сурет: instagram.com/uscgalmaty
Алматыға АҚШ-тың жаңа бас консулы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 16 шілдеде АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы мәлімдеді.
"Алматыдағы АҚШ-тың жаңа бас консулы Питер Кауфман мырзаны бірге қарсы алайық. Ол Қазақстанға енді ғана келді!" – делінген консулдықтың Instagram желісіндегі жазбасында.
Ашық дереккөздерде Питер Кауфман туралы ақпарат аз. Белгілісі – ол 2023 жылғы маусымда АҚШ-тың Беларусьтегі уақытша сенімді өкілі қызметіне кіріскен және бұл лауазымда 2026 жылғы тамызға дейін жұмыс істеген. Сондай-ақ 2022 жылдан бастап АҚШ-тың Вильнюстегі елшілігінде Беларусь мәселелері жөніндегі бөлім басшысы қызметін атқарған.
Оның дипломатиялық мансабында Әзербайжандағы АҚШ елшілігіндегі қызметі де бар. Ол жерде бірінші хатшы лауазымында жұмыс істеген.
Алматыдағы АҚШ бас консулы қызметінде Питер Кауфман 2023 жылғы тамыздан бері осы қызметті атқарған Мишель Еркинді алмастырды.
АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы сауда, экономикалық даму, демократия мен басқару, гуманитарлық көмек, денсаулық сақтау саласын нығайту және аурулардың алдын алу, есірткімен күрес, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау сияқты екіжақты және өңірлік мәселелер бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, консулдық Қазақстандағы АҚШ азаматтары мен бизнес өкілдеріне қызмет көрсетеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:52, 16 шілде 2026
Қазақстан гандболдан Италиядағы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
-
18:48, 16 шілде 2026
Есірткі контрабандасымен айналысқан тұрғын 16 жылға сотталды
-
18:20, 16 шілде 2026
Қазақстан құрамасы U19 Азия чемпионатын бес алтын медальмен аяқтады
-
18:05, 16 шілде 2026
Қазақстанның 10 өңірінде 48 градусқа дейін аптап ыстық болады
-
17:52, 16 шілде 2026
Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды





