Теңгенің нығаюы еліміздегі пәтер құнына қалай әсер етті
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазан және қараша айларында байқалған теңгенің долларға қатысты айтарлықтай нығаюы тұрғын үй нарығындағы белсенділіктің төмендеуіне әсер етті. Себебі жылжымайтын мүлікке доллармен инвестиция салатын сатып алушылар үшін пәтерлер едәуір қымбаттай түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылдың күзіне қарай "долларлық" инвесторлар үшін тұрғын үйдің бағасы 7 пайыздан астам өсті. Өйткені тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері теңгемен жүзеге асырылады. Мұндай қорытындыны экономист Төлеген Асқаров жасап, қарапайым есеп келтірді:
- қыркүйекте теңге долларға қатысты 1,9%-ға әлсіреді;
- қазан айында ұлттық валюта 3,5%-ға нығайды;
- қарашада нығаю тағы 3,3%-ды құрады.
"Осылайша, доллармен инвестиция салатын сатып алушылар үшін тұрғын үй долларлық баламада қымбаттады, себебі оны сатып алу-сату мәмілелері теңгемен жасалады", – деп атап өтті Төлеген Асқаров.
Мәселен:Теңгенің долларға шаққандағы бағамы шамамен 550 теңгеден 510 теңгеге дейін төмендеді (яғни теңге 7,27%-ға нығайды). Осы жағдайда құны 50 млн теңге болатын пәтер:
- бұрын: 50 000 000 теңге / 550 = 90 909 доллар;
- теңге нығайғаннан кейін: 50 000 000 теңге / 510 = 98 039 доллар;
- долларлық бағасының өсуі: 7 130 доллар немесе 7,27%.
Теңгенің нығаюы тұрғын үй нарығындағы сұраныстың баяулауына алып келді. Дегенмен мәмілелер саны әлі де өткен жылмен салыстырғанда жоғары деңгейде қалып отыр.Т
Тамыз айындағы шарықтау шегінен кейін, яғни 41 380 тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі тіркелген соң, көрсеткіштер төмендей бастады:
- қыркүйек – 41 313 мәміле (0,2%-ға төмендеу);
- қазан – 41 259 мәміле (0,1%-ға төмендеу);
- қараша – 39 973 мәміле (3,1%-ға төмендеу).
Валюта бағамының айырмасынан туындаған шығындарға қоса, жаңа тұрғын үй бағасының өсуі де жалғасып келеді. Қараша айында жаңа үйлердің бағасы бір айдың ішінде 2,5%-ға қымбаттады. Ең жоғары өсім мына қалаларда тіркелді:
- Ақтөбеде – 4,3%;
- Алматыда – 3,5%;
- Астанада – 3,2%.
Соған қарамастан, қараша айындағы мәмілелер саны өткен жылдың қарашасымен (39 421) және 2023 жылдың сәйкес кезеңімен (31 727) салыстырғанда жоғары болып қалды.
Айта кету керек, қараша айында мәмілелер саны бойынша көшбасшылар өзгерген жоқ: Астана – 8 861 және Алматы – 7 443. Нарық көлемінің ауқымдылығына байланысты бұл қалалар үшін доллар бағамының өзгерісі шешуші фактор болып отырған жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:31, 15 желтоқсан 2025
Ерлі-зайыптылардың банк құпиясына қолжетімділігін шектеу Конституцияға қайшы-қайшы еместігі тексеріледі
-
17:17, 15 желтоқсан 2025
Түркістан облысында табиғи ресурстарды заңсыз тасымалдаған 15 жүк көлігі анықталды
-
16:54, 15 желтоқсан 2025
Қарағанды облысында полиция 600-ден астам автокөліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етті
-
16:47, 15 желтоқсан 2025
Жұмыс берушілер субсидияланатын жұмыс орындарына қатысушыларды тұрақты жұмысқа қабылдауға міндеттеледі
-
16:40, 15 желтоқсан 2025
2026 жылғы ҰБТ: түлектерге маңызды ақпарат





