Теміртау тұрғыны сотталған азаматқа тыйым салынған зат жеткізбек болған

17:26, 25 сәуір 2024

© Сурет: polisia.kz

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған зат өткізбек болған күдікті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №61 мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері сотталған Ж. есімді азаматқа сәлемдемелер мен бандерольдерді беру кезінде телевизиялық рентген аппараты арқылы екі смарт-сағат (интернетке кіру мүмкіндігі және SIM-картасы бар) табылып, тәркіленді.

Тыйым салынған заттар мұқият түрде фольгаға оралған, аяқ киімнің табанына жабыстырылған. Сәлемдемені Теміртау қаласында тұратын А. есімді күдікті жіберген.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін бұл хабарлама тіркелді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!