Текеліде тоқырауға ұшыраған қорғасын-мырыш комбинаты қайта жанданбақ
13:49, 31 қазан 2016
Алматы облысы Текелі қаласында шойын шығарылады. Өңірде заманауи тау-кен байыту кешені салынып жатыр. Бұл – Қазақстан қара металлургиясында жүзеге асқан алғашқы жоба, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Өндіріс ошағы 800 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Еңбек ұжымы бірінші өнімді Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шығаруды жоспарлап отыр. Текелі қаласындағы тоқырауға ұшыраған қорғасын-мырыш комбинаты қайта жанданды. Құрылысы 5 жылға созылған өндіріс ошағы жуырда жұмысын бастайды. Енді мұнда шойын шығарылатын болады.
Владимир Борисенко, зауыт директорының орынбасары:
- Зауыт шикізатты өзі өндіреді. Оның шығатын жері дайын. Шойын Қазақстан бойынша сатылады.
Зауыттың байыту фабрикасы қайта құрылды. Қазір домна пешінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін темір концентратын байыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қасым Ыбыраев, фабрика басшысы:
- Бір тәулікте 1 пешке 600 тонна концентрат керек. Әзірге бір пеш жібереміз. Кейінші екінші пешті қосқанда, екінші кезек істейді. Қазір кезекпен істеп жатыр.
Өндіріс ошағының құрылысына Теміртаудың мамандары қатысты. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша Текелі қаласының 100 тұрғыны Қарағанды зауытында металлургияға машықтанды. Солардың бірі – Абылайхан Әметов.
Абылайхан Әметов, жұмысшы:
- Осында комбинатта жұмыс істеп жүргенде оқып келу туралы ұсыныс жасады. Сонымен, оқып келдік. Осында жұмыс істеп жатырмыз, міне. Бұйырса, 4-ай болады. Білгендерін көрсетіп, үйретіп жатыр.
Кәсіпорын тағы бір домна пешін салып, жылдық қуаттылығын жарты миллион шойынға дейін жеткізбек. Бұл өнімді Павлодардағы құбыр зауытына жіберіледі. Сонымен қатар оны Ресей мен Қытай елдеріне экспорттау жоспарланған.
Авторлары: Гүлнәр Жантасова, Қуаныш Түргенбаев
Фото: 24.kz
Дереккөз: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:15, 4 мамыр 2026
Қытайда бірден үш қаланы қосқан 55 шақырымдық алып құрылыс салынды
-
18:57, 4 мамыр 2026
Алматы облысында стенд атудан Әлем кубогының кезеңі басталды
-
18:41, 4 мамыр 2026
Астанада полиция пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады
-
18:28, 4 мамыр 2026
Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында Арина Соболенконы басып озды
-
18:13, 4 мамыр 2026
Қазақстанда мерекелер мен атаулы күндерге арналған біржолғы төлемдердің ең төменгі мөлшері белгіленді





