«Таза Қазақстан» президенттік бастамасына қанша отандасымыз қатысқандығы белгілі болды
© Сурет: primeminister.kz
2025 жылғы 25 маусымда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында президенттік "Таза Қазақстан" бастамасына шамамен 2 миллион адамның қатысқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, бұл ауқымды экологиялық бастама азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Акция аясында 573 іс-шара өткізіліп, олардың барысында:
- шамамен 189 мың тонна қоқыс жиналды,
- 735 мың гектар аумақ тазартылды,
- 2 миллионнан астам ағаш отырғызылды.
"Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы – азаматтардың табиғатқа құрметпен қарауын, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсінуін және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді араласуын көздейді. Бұл бастама халықты біріктіріп қана қоймай, патриоттық рухты күшейтіп, жалпыұлттық деңгейдегі іске айналды", – деді Ерлан Нысанбаев.
"Таза Қазақстан" бастамасын іске асыру аясында экологиялық өтініштерді бақылау және олар бойынша жедел әрекет ету үшін цифрлық платформалар белсенді түрде қолданылуда.
Мәселен, 2025 жылы Telegram желісіндегі @TazaQazBot онлайн-сервисы арқылы 11 мыңнан астам өтініш түскен, оның ішінде 10 мыңнан астамы орындалған.
Экология министрінің мәліметінше, цифрлық технологияларды қолдану қоғамдық кеңістіктер мен қоршаған ортаның жағдайына бақылау жүргізу тиімділігін арттырады.
Халықтан жиі түсетін өтініштер мынадай:
- аумақтарды тазалау қажеттігі – 2963 өтініш,
- қоқыс шығару – 662 өтініш,
- көшелерді абаттандыру және тротуарларды күтіп ұстау – 607 өтініш.
Сонымен қатар, өтініштердің сапасыз немесе толық орындалмауына байланысты шағымдар да тіркелуде.
Бұған дейін Астанада вандалдардың жаңа LRT вагондарына граффити салып кеткендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды
-
19:57, 18 желтоқсан 2025
Қостанай облысында жабық жолда тәртіп бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:31, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:30, 18 желтоқсан 2025
Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды
-
19:22, 18 желтоқсан 2025
Астанадағы заңсыз техника саудасы: 600-ден астам телефон тәркіленді





