Таяу жылдары 116 заманауи сүт фермасы салынады
© Фото: akorda.kz
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Былтырғы Жолдауда үш жылдың ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру міндетін қойдым. Біз негізгі азық-түлік тауарлары бойынша импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асыра бастадық. Атап айтқанда, таяу жылдары сүт өндіру көлемін 600 мың тоннаға көбейтуге мүмкіндік беретін 116 заманауи тауарлы сүт фермасы салынады",- деді ол.
Жалпы қуаты жылына 220 мың тонна құс етін өндіретін 29 фабриканы, сондай-ақ қуаты жылына 850 миллион жұмыртқа өндіретін 11 құс фабрикасын пайдалануға беру көзделгені де атап өтілді.
"100 мыңға жуық ірі қараға арналған 6 бордақылау алаңын, сондай-ақ 50 мың бас уақ малға арналған бордақылау кешенін іске қосу жоспарланып отыр", – деді Президент.
Бұған дейін Қазақстанда Жылқы шаруашылығы институты құрылатындығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:09, 15 қараша 2024
Ақмола облысында құрамында алтыны бар материалды заңсыз өңдейтін екі шағын цех жойылды
-
17:40, 15 қараша 2024
Күш құрылымы өкілдері Алматы мен тағы екі өңірде қылмыстық топты құрықтады
-
17:30, 15 қараша 2024
«Астана, Алматы, Шымкент». Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
17:16, 15 қараша 2024
Түркістан облысында есірткі контрабандасына қатысты 120-дан астам шетелдік ұсталды
-
17:05, 15 қараша 2024
Қазақстанда «Alayaq.net» жобасы аясында 200-ден астам алаяқтық схема анықталды