Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін

14:54, 22 маусым 2025

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына қарсы шабуылы жаһандық нарықтарға әсер етпей қоймады. Сарапшылар бұдан кейін мұнай қымбаттайтынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Reuters агенттігі, инвесторлар мұнай бағасының күрт өсіп, геосаяси жағдайға байланысты нарықтар тағы тұралап қалады деп аыбр-сабыр.

"Менің ойымша, таңертең қор биржасында мұнай бағасы өседі. Біз қирандылар мен шиеленіс ауқымын әлі дұрыс біліп отырғанымыз жоқ, яғни жағдай қалай ойысатынын бажалай алмаудамыз. Ол операция аяқталды деп мәлімдеді. Бірақ АҚШ қазір қақтығысқа тікелей араласты. Енді ары қарай не болады, бұл - белгісіз. Осы жайт инвесторларды алаңдатарлары сөзсіз. Ондайда нарықтар жабылады. Енді барлық американдықтарға қауіп төнуі мүмкін. Бұл тұрақсыздық пен құбылмалылықты арттырады, әсіресе мұнай нарығында" - дейді Potomac River Capital-дың инвестициялық директоры Марк Спиндал.

Сарапшылар инфляцияның ықтимал өсімін негізгі қауіптердің бірі ретінде атайды. Мұнайдың қымбаттауы тұтынушылық белсенділікті күрт төмендетіп, экономикадағы пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуді қиындатуы мүмкін.

"Бұл тәуекелдің жаңа, күрделі түрін үстемелеп, біз оны мұқият қадалауға мәжбүрміз. Бұл энергия бағасына және жалпы инфляцияға әсер ететіні сөзсіз, деп атап өтті Cresset Capital-дың инвестициялық директоры Джек Аблин.

Маусым айының басынан бастап Brent маркалы мұнай 18%-ға қымбаттап, соңғы бес айда бір баррель құны 79 долларға дейін жетті. Сонымен қатар, америкалық қор нарығы, әзірге түр байқатпайды: S&P 500 индексі іс жүзінде сол деңгейінде қалып отыр.

2025 жылдың 22 маусымына қараған түні АҚШ Әскери-әуе күштері "Ирандағы үш ядролық нысанға, соның ішінде Фордо, Натанз және Исфаханға" шабуыл жасады. Трамп бұдан кейін Тегеран қақтығысты тоқтатуға келісуі керек деп санайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!