Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мәлімдеме жасады
© Сурет: Zakon.kz
Азаматтық авиация комитеті 2025 жылы 23 маусымда Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты қауіптің жоғары деңгейін ескере отырып, еліміздің авиациялық әкімшілігі 13 маусымнан бастап отандық әуе компанияларға алты елдің әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 13 маусымнан бастап Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнетін қауіптің жоғары деңгейін ескере отырып, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазақстандық әуе компанияларға алты елдің – Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливанның әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салды. Осыған байланысты Таяу Шығысқа жолаушылар тасымалын орындайтын әуе компаниялар өз рейстерін осы елдердің әуе кеңістігінде жүзеге асырмай, айналып ұшады", делінген ведомство хабарламасында.
Иранның аспанында 13 маусымнан кейін Қазақстан ұшағы бой көрсеттті деген ақпаратқа қатысты да түсініктеме берілді.
"Айта кету керек, ағымдағы жылдың 17 маусымында SCAT әуе компаниясы Ираннан Қазақстан Республикасының 89 азаматтарын шығару мақсатында Ашхабад – Астана бағыты бойынша рейсті орындады. Рейс қолданыстағы шектеулерге сәйкес толық орындалды". Азаматтық авиация комитеті
Айта кетсек, бүгін Air Astana Таяу Шығыс арқылы қатынайтын рейстерді тоқтату туралы шешім әлі күшінде екенін хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:49, 17 шілде 2026
Әлемге әйгілі әнші Рики Мартин Алматыға келді
-
22:25, 17 шілде 2026
ШҚО-да дүкенге тауар тасымалдаушы ер адам көшеде қайтыс болды
-
21:42, 17 шілде 2026
Алматыда үш көліктің қатысуымен ауыр жол апаты болды
-
21:26, 17 шілде 2026
«Сынап бағаны 47 градусқа дейін көтеріледі». Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:24, 17 шілде 2026
Ақмола облысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі тергелуде





