Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

17:52, 7 қыркүйек 2026
MKZ: 1565619

© Сурет: olympic.kz

Қытайдың Гуйян қаласында маунтинбайктан Азия сериясының турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық Татьяна Генелева әйелдер арасындағы ХСС дисциплинасында күміс жүлдеге ие болды. Отандасымыз қашықтықты 25:06 уақытта жүріп өтті.

Алтын медальді қытайлық Тин Ван жеңіп алды – 24:14.

Тағы бір қытайлық спортшы Цзыи Чжан қола жүлдеге ие болды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!