Арина Соболенко US Open 2026 турнирінің ширек финалына шықты
© Сурет: Instagram/wta
Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко US Open 2026 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Ол төртінші айналымда WTA рейтингінде 96-орында тұрған америкалық Тэйлор Таунсендті жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, кездесу 1 сағат 15 минутқа созылып, Беларусь теннисшісінің 6:4, 6:3 есебімен жеңісімен аяқталды. Матч барысында Соболенко екі эйс жасап, екі рет қосарланған қателік жіберді және 14 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Ал Таунсенд алты рет эйс жасап, доп берген кезде үш қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.
Матчтан кейін Соболенко америкалық теннисшінің ойынына жоғары баға беріп, кездесу есепке қарағанда әлдеқайда қиын болғанын атап өтті.
"Ол тор маңында керемет ойнайды, допты өте жақсы қабылдайды. Өте батыл теннисші екені көрініп тұрды. Оның қаншалықты дайындалғанын байқадым. Оған қарсы, әсіресе осы жерде ойнау шынымен де оңай болған жоқ", – деді әлемнің бірінші ракеткасы корттағы сұхбатында.
Жартылай финалға шығу үшін Соболенко украиналық Марта Костюк пен чехиялық Линда Носкова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:44, 12 қазан 2026
«Ордабасы» «Қайсарды» өз алаңында жеңіп кетті
-
17:55, 11 қазан 2026
Қазақстандық спортшы таеквондодан Парижде өткен Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды
-
14:58, 11 қазан 2026
Реал-Вильярреал кездесуі: Диоманде гол соғып, Винисиус алаңнан қуылды
-
09:57, 11 қазан 2026
«Бернли» сапындағы Сәтбаевқа қатысты өз командасының мүшесі пікір білдірді
-
13:12, 10 қазан 2026
Қазақстандық жасөспірім қыздар мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалында бақ сынады





