Тоқаев Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

18:31, 7 қыркүйек 2026
MKZ: 1565625

© Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силва мен оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қазақстан Бразилиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің ынтымақтастығы халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды түрде дами түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Бразилия халқына бақ-береке тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловқа құттықтау жеделхатын жолдаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!