Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшылары бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды
© Сурет: Ақорда
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша президенттер бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша президенттер мынадай құжаттарға қол қойды:
- Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемесі;
- Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 2027-2028 жылдар аралығында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қырғыз Республикасының кандидатурасын ұсыну бойынша БҰҰ-ға мүше елдерге үндеуі;
- Әзербайжанды Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің толық құқылы қатысушысы деп тану туралы шешім.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірлескен мәлімдемесіне сәйкес мынадай құжаттар қабылданды:
- Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тұжырымдамасы;
- Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәуекелдері мен олардың алдын алудың 2026-2028 жылдарға арналған тізбесі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:20, 17 желтоқсан 2025
Президент: Энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты
-
12:11, 17 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласына үлес қосқан азаматтарды марапаттады
-
12:01, 17 желтоқсан 2025
Президент Алматыда ауаның ластану деңгейін төмендету жолын айтып берді
-
11:56, 17 желтоқсан 2025
Қазақстан президенті атом электр станциясының құрылысын стратегиялық шешім деп атады
-
11:43, 17 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласын түбегейлі жаңғырту қажеттігін айтты





