Тараздық екі азамат Санкт-Петербургте қамауға алынды: оларға қандай айып тағылды

12:48, 4 ақпан 2026

© Сурет: t.me/len_obl_sud

Санкт-Петербургте (Ресей) екі қазақстандық қамауға алынды, оларға 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ленинград облысы соттарының Біріктірілген баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 жастағы екі Тараз тұрғыны Санкт-Петербург қаласында тұрады.

"Қиын материалдық жағдай және заңды табыс көзі болмауына байланысты, 40 000 рубль (шамамен 260 000 теңге) ақшалай сыйақыға уәде етілген жұмыс ретінде "кураторлардың" нұсқауымен Ломоносов ауданындағы ұялы байланыс операторының базалық станциясының таратушы тақтасына өрт қойған. Көрсетілген азаматтар қылмыс орнынан жақын жерде, көлікпен қашуға әрекет жасағанда құқық қорғау органдары қызметкерлерімен ұсталды", – делінген сот хабарламасында.

Қамауға алынған азаматтарға РФ Қылмыстық кодексінің 281-бабының 2-бөлігінің "а" тармағы ("Диверсия, бірнеше адамның қатысуымен жасалған") бойынша айып тағылды. Оларға қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Айта кетейік, аталмыш бап бойынша жаза мерзімі 12 жылдан 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды қамтиды.

Бұған дейін Ресей Тексеру комитеті қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның өлімі бойынша іс жүргізетінін хабарлаған болатын. Журналистер оның күйеуін Мәскеуде тергеуге шақырғанын жазды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!