Таразда жалған алкоголь өнімдерін дайындаған жасырын цех табылды

11:02, 9 сәуір 2020

Көлеңкелі экономикамен күрес мақсатында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық Экономикалық тергеу департаменттері қызметкерлері қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау шараларын тұрақты негізде жүргізіп келеді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитетінің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі басқармасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне Тараз қаласының бірнеше тұрғынының жеке меншік үйде акцизделетін тауарларды таңбалау тәртібі мен ережесін бұзып, заңсыз алкоголь өнімін дайындап, сатумен айналысатыны жөнінде ақпарат келіп түсті.

Департамент қызметкерлері жүргізген жедел шаралар барысында заңсыз алкоголь өнімдерін дайындайтын жасырын цех жойылды. Тінту кезінде 750 литр құрамында спирт бар сұйықтық, 12 500 есепке алу-бақылау маркасы, 11 840 алкоголь өнімінің заттаңбасы, заңсыз өнім дайындауға арналған әртүрлі жабдықтар (ыдыстар, қақпақтар қаптамасына арналған жайма кілті және т.б.), 1000 бөтелкеден астам дайын алкоголь өнімі тәркіленіп алынды.

Қазіргі уақытта дәлелдемелерді жинақтау және бекіту бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Құрметті азаматтар! Егер Сіз қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарына куә немесе осындай деректер Сізге мәлім болған жағдайда, Жамбыл облысы бойынша ЭТД-не 8(7262)34-75-38, 8(7262)347626 сенім телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!