Таразда полицейлердің баланы құтқарған сәті бейнежетонға түсіп қалған
© Сурет: ҚР ІІМ
Құтқару сәті суға тұншығып, дем ала алмай жатқан кішкентай балаға көмекке асыққан полиция қызметкерлерінің бірінің бейнежетонына түскен. Боран-3 автоэкипажы рация бойынша кезекшіден шұғыл шақырту түскен кезде өзіне бекітілген аумақты патрульдеп жүрген.
Тараз қаласы, Айша бибі көшесінің бойында мектеп жанындағы ағып жатқан каналға 2 жасар бала құлап кеткен. Полиция бірнеше минут ішінде шақырту орнына келді.
Ол кезде өтіп бара жатқан бір адам баланы ес-түссіз күйде судан шығарып алған.
Жедел медициналық көмек бригадасы келгенше, полиция қызметкері 10 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді, нәтижесінде бала дем ала бастайды.
"Баланың өмір белгілері болмаса да, мен соңына дейін күресіп, бізге үйретілген барлық дағдыларды қолдана отырып, тоқтаусыз жүрекке массаж жасадым. Көрер жарығы бар екен, өкпеден су шығып, нәресте дем ала бастады", – деді Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы Дәурен Колқаев.
Бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 18 желтоқсан 2025
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
-
17:51, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Хироши Микитаниді қабылдады
-
17:49, 18 желтоқсан 2025
Қазақстан мен Қатар еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастықты растады
-
17:33, 18 желтоқсан 2025
Абай облысында мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болды
-
17:20, 18 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: спринтте үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді





