Таразда полицейлер гауһар тасты әшекейлер ұрлығын жедел ашты
© Фото: Zakon.kz
Тараз қаласының тұрғыны Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаевтың атына алғыс хат жолдап, пәтер ұрлығын жедел ашып, ұрланған зергерлік бұйымдарын қайтарып берген полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
Жәбірленушінің айтуынша, оның пәтерінен 11 алтын әшекей бұйымы, оның ішінде гауһар тастары бар қымбат бағалы зергерлік заттар қолды болған.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізіп, пәтер ұрлығын жасады деген күдіктінің жеке басын ізін суытпай анықтады. Күдіктінің Алматы қаласында жасырынып жүргені белгілі болған.
Тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде күдікті ұсталып, ұрланған зергерлік бұйымдардың барлығы табылып, заңды иесіне қайтарылды.
"Полиция қызметкерлерінің қаншалықты жылдам әрі кәсіби жұмыс істегеніне таңғалдым. Күдікті басқа қалада жүргеніне қарамастан, олар оны жедел анықтап, барлық әшекейлерімді қайтарып берді. Атқарған еңбектері үшін шын жүректен алғысымды білдіремін, — деді Тараз қаласының тұрғыны.
Алғыс хатында ол тергеуші Жақсылық Нұркеннің, жедел уәкіл Асхат Иманәлиевтің және Тараз қаласы полиция басқармасы Әулие-Ата аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы Асылбек Әбдірайымовтың кәсібилігін ерекше атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:52, 21 сәуір 2026
Павлодарда салынып жатқан көпір өртеніп кетті
-
22:35, 21 сәуір 2026
Әлішер Жұмақан велотректен Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
-
22:18, 21 сәуір 2026
Жетісу облысында 46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды: бақташы күдікке ілінді
-
21:57, 21 сәуір 2026
Бассейндегі ойын қайғылы оқиғаға әкелді: 12 жастағы бразилиялық қыз қаза тапты
-
21:33, 21 сәуір 2026
Шынымен суицид пе: Ақтауда ата-анасы қызының өліміне байланысты істі қайта тергеуді талап етуде





