Астанада иттер арасында сұлулық байқауы өтеді
© Фото: akorda.kz
Алдағы демалыс күндері Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінен келген 350 ит "ең үздік ит" атағы үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24kz" арнасының мәліметінше, қазылар алқасының құрамында Венгрия, Швейцария және Қытайдан келген халықаралық деңгейдегі сарапшылар бар.
Олар иттерді төмендегі негізгі талаптар бойынша бағалайды:
- анатомиялық құрылымы;
- тіс жүйесі;
- жүн сапасы;
- қозғалысы;
- рингтегі мінез-құлқы мен темпераменті.
"Стандарт өте егжей-тегжейлі жазылған, ал жеңімпаз – сол талаптарға ең жоғары деңгейде сәйкес келетін ит. Судьяның итпен қысқа уақыт байланысы жеткілікті, егер ол тәжірибелі маман болса, бірден тұқымға тән мінезді байқай алады", – деді Халықаралық кинологиялық федерацияның президенті Тамаш Яккель.
Сонымен қатар тазы тұқымы жеке санат ретінде ұсынылады. Монопородалық көрмеге 60-тан астам қазақы тазы қатысады. Ұлттық тұқымның сұлулығын, далаға тән әсемдігі мен тектілігін төреші Айбол Алпысбаев бағалайды. Бұл бөлім шетелдік мамандардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр.
Шетелдік сарапшылар отандық кинологтар мен ит өсірушілердің өз ісіне деген жоғары жауапкершілігін де атап өтті. Тамаш Яккель Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық тұқымдарды сақтау мен дамытуға ерекше көңіл бөлетінін де айтты.
Байқау қорытындысы бойынша төрешілер әр тұқым бойынша ең үздік итті анықтайды. Жеңімпазға "Көрменің ең үздік иті" атты халықаралық атақ беріледі.
30 сәуірде сенаторлар мәслихаттарға қаңғыбас иттерді аулау және оларды жою тәртібі мен мерзімін өз бетінше белгілеуді ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:11, 1 мамыр 2026
Қолтырауындар мекендейтін өзенде 55 км жүзіп өткен спортшы әлемдік рекорд орнатты
-
10:52, 1 мамыр 2026
Атырауда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды
-
10:13, 1 мамыр 2026
Ақтаудағы қылмыс: күдіктілер әлі табылған жоқ
-
09:58, 1 мамыр 2026
Қостанайда әйелге себепсіз шабуыл жасаған ер адам ұсталды
-
09:34, 1 мамыр 2026
Сарапшы 2026 жылы алаяқтардың туристерді қалай алдайтынын түсіндірді





