Қолтырауындар мекендейтін өзенде 55 км жүзіп өткен спортшы әлемдік рекорд орнатты
© Сурет: freepik
35 жастағы британия-австралиялық ультрамарафоншы Энди Дональдсон Австралиядағы Орд өзенінде 55 шақырымды жүзіп өтіп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл өзен қолтырауындардың көп шоғырлануымен танымал, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы The Guardian басылымы жазды. Спортшының судағы қашықтығы 11 сағат 51 минутқа созылған. Бұл алдыңғы рекордтан шамамен 4,5 сағатқа жылдамырақ нәтиже. Алайда жарыс басталмай жатып-ақ қауіп туындаған: жағалауда 2,5 метрлік қолтырауын байқалған. Соған қарамастан Дональдсон қашықтықты бастауды шешкен.
Спортшының айтуынша, сынақ тек қауіппен емес, қолайсыз табиғи жағдайлармен де ауыр болған:
- аптап ыстық күн;
- қарсы жел;
- желсіз, тынық учаскелер.
Бұл факторлар маршрутты еңсеруді едәуір қиындатқан.
"Жақсысы – менің барлық қол-аяғым аман", – деді ол мәре сызығында.
Дональдсон соңғы шақырымдардың ерекше қиын өткенін де айтты:
"Өзімді арқама пілді арқалап келе жатқандай сезіндім. Соңғы 10 шақырым азап болды, ал соңғы бес метр ешқашан бітпейтіндей көрінді", – деді спортшы.
Жүзу барысында оны қолдау тобы сүйемелдеген. Олардың қатарында 2024 жылы осы қашықтықты алғаш болып еңсерген Симона Блайзер де болған. Оның нәтижесі (16 сағат 13 минут) осы жолы жаңартылды.
Дональдсонның спорттық жетістіктері бұған дейін де бірнеше әлемдік рекордты қамтиды, соның ішінде Манхэттенді айнала жүзу (45 км), Бахрейн суларындағы 170 км марафон және Жаңа Зеландиядағы Кук бұғазын жалғыз өзі кесіп өтуі бар. Соған қарамастан, ол бұл жүзуді мансабындағы ең ерекше жетістік деп атады.
Бұған дейін кениялық Себастьян Саве марафон қашықтығын екі сағаттан аз уақытта жүгіріп өткен алғашқы спортшы атанған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:13, 1 мамыр 2026
Қарағандыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер ұсталды, көліктер айыптұраққа қойылды
-
11:59, 1 мамыр 2026
Түркістан облысында полицейлер дрон арқылы қарызы бар көліктерді анықтауда
-
11:46, 1 мамыр 2026
«Silent Hill» Атырауда: қала қайтадан түтінге оранды
-
11:29, 1 мамыр 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары - 1 мамыр
-
10:52, 1 мамыр 2026
Атырауда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды





