Таразда өрттен зардап шеккен құрылысшы қыздардың жағдайы белгілі болды
© Сурет: akorda.kz
Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы Тараз мектебіндегі өрт кезінде зардап шеккен қыздардың жағдайы ауыр екенін, оларға күрделі ота жасалып, олар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде алтыншы күн жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, оталарды академик Н.Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығының хирургтары жасады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, екі науқастың да полижарақаттану және жасалған ота көлеміне байланысты жалпы жағдайы ауыр. Аяқ саусақтарының қозғалысы мен сезімталдығы сақталған. Қарқынды терапия жүріп жатыр, екекі де дәрігерлердің бақылауында.
Бұған дейін хабарланғандай, Таразда №44 орта мектептің түн жарымында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан үшінші қабатынтағы кабинеттің бірінен өрт шыққан. Бес құрылысшы зардап шекті. Екі қыз үшінші қабаттан секірген. Зардап шеккендер дереу Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





