Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу туралы түсіндірді
© Фото: Zakon.kz
Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеуге қатысты БАҚ сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
БАҚ тарапынан мемлекеттік қызметшілерге сыйақыны беруге байланысты жағдайды түсіндіру бойынша өтініштердің келіп түсуіне орай ведомство өкілдері түсініктеме берді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады.
Осы қаулы арқылы шығыс баптарының нақты тізбесі айқындалған. Олардың есебінен үнемдеу қалыптасқан жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығыстар бойынша үнемдеу).
Бүгінде аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ.
Қаржы министрлігінің осыған дейінгі хабарламасында Үкімет қаулысының нормаларын бұлжытпай ұстану қажеттігі және бағдарлама әкімшілерінің қызметкерлерді тізбеде көрсетілгендерден бөлек бюджеттік баптардан қаражатты сыйақыға пайдалануға жол бермеу туралы айтылған болатын.
Инвестициялық жобаларды іске асырудан және/немесе мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға тиіс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 16 наурыз 2026
Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды
-
22:26, 16 наурыз 2026
Екібастұз тұрғыны марихуана сақтағаны үшін жазаланды
-
21:45, 16 наурыз 2026
Алматыда 11 мың домбырашы бір мезетте күй орындамақ
-
21:10, 16 наурыз 2026
17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:32, 16 наурыз 2026
Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті





