Таразда ағаш құлап, бүлінген көлік шығынын әкімдік өтейтін болды

© Сурет: Zakon.kz
Тараз қалалық сотында Тараз әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қатысты материалдық залалды өндіріп алу туралы тараздықтың талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотқа жүгінуге себеп - қолайсыз ауа райына байланысты сынған ағаштың жартысы тұрақта тұрған үш көліктің үстіне түсуі болды. Салдарынан көліктерге әртүрлі деңгейдегі механикалық зақым келген. Қалған екі жүргізуші зақым көлемінің аздығына байланысты арыз жазудан бас тартты.
Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қалалық полиция басқармасы азаматқа сотқа жүгінуді ұсынды. Талап қоюшының шағымына жауапкер залалды өтеу үшін бюджеттен қаражат қарастырылмағанын хабарлады.
"Сот коммуналдық мекеме ағаш құлаған жол төсемін ұстауға жауапты екенін анықтады. Туындаған залал мен жауапкердің әрекеттері не әрекетсіздігі арасындағы себеп-салдарлық байланыстың, сондай-ақ ұсынылған дәлелдемелердің, куәның айғақтарының және прокурордың қорытындысының болуын ескере отырып, сот талап қоюды толық көлемде қанағаттандырды. Жауапкерден талап қоюшының пайдасына жалпы сомасы 550 мың теңгеге материалдық залал мен сот шығыстары өндірілді", делінген сот хабарламасында.
Шешім заңды күшіне енді.
Бұған дейін Ақтөбеде ем іздеп келгендерге несие алдыртқан емшінің ісі сотқа жеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:11, 18 мамыр 2025
Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқан жоқ - Антикор
-
17:46, 18 мамыр 2025
Іле Алатауында Фурманов шыңына шығып алған туристер эвакуацияланды
-
17:38, 18 мамыр 2025
Үлкен Алматы айналма жолында тоқтаған екі жүргізушіге 98 мың теңге айыппұл салынды
-
16:44, 18 мамыр 2025
Мысырда әуежайда болған қайғылы оқиға: зардап шеккен қазақстандықтардың саны артты
-
16:15, 18 мамыр 2025
Семейде қоқыс полигоны өртеніп жатыр