Тараз маңындағы әскери бөлімдегі жарылысқа кінәлілер шығын көлемін төлеуге міндеттелді
© Сурет: Zakon.kz
Шымкентте сот Тараз маңындағы әскери бөлімдегі ауқымды жарылыстарға кінәлі деп танылғандарды мемлекетке 23 млрд теңгеден астам шығын төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралды. Үкім Қорғаныс министрлігінің төрт жауапкеріне шығарылды.
Шымкент соты оқиғаны еске салды: 2021 жылдың 26 тамызында сағат 18:40 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар жол торабында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №28349 әскери бөлімінің инженерлік оқ-дәрілер қоймасының бірінен өрт шығып, одан кейінгі жарылыстарға әкеліп соқтырған. Нәтижесінде 18 адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шегіп, сондай-ақ мемлекет пен жеке тұлғаларға аса ірі мөлшерде залал келтірілген.
"Жауапкерлердің кінәсі Шымкент гарнизонының әскери сотының 2023 жылғы 20 қазандағы және Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 наурыздағы заңды күшіне енген апелляциялық сот актілерімен дәлелденген. Жауапкерлер әскери бөлімнің техникалық аумағында №14 инженерлік оқ-дәрілерді сақтау қоймасында өрт шығуына жол бергендері, яғни олардың іс-әрекеттерінен аса ірі мөлшерде шығын келгені сотпен анықталғандықтан, келтірілген материалдық залалды ортақтасқан түрде 23 764 530 881 теңге көлемінде мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім қабылданды",- делінген хабарламада.
Талаптың 1 328 507 355 теңге өндіру туралы бөлігі дәлелдер болмауына байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөліміндегі қоймадағы оқ-дәрілер жарылып, арты өртке ұласқан. 18 адам қаза тапты. Жарылыстан кейін әскери қоймаға жақын маңдағы ауылдардан жүздеген адам эвакуацияланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:57, 22 желтоқсан 2024
«Пышақ тақап, электрошокер қолданған». Атырауда әскери мектепте тексеру жүріп жатыр
-
09:49, 22 желтоқсан 2024
Атырауда саусағына темір «тағып алған» бала дәрігерлер мен құтқарушыларды әбігерге түсірді
-
09:39, 22 желтоқсан 2024
Қостанайда фельдшердің аяусыз соққыға жығылуы: Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады
-
17:47, 21 желтоқсан 2024
«Боран соғып, қар бұрқасындатады». 22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде циклон жүреді
-
17:32, 21 желтоқсан 2024
Бағаны тұрақтандыру: Павлодар билігі тауар өндірушілермен келісімге отырды