Танымал жастар реалити-шоуы эксклюзивті түрде MEGOGO-да қолжетімді
© Сурет: MEGOGO
Халықаралық MEGOGO онлайн-кинотеатры Koyon Media өндірген, көпшілік арасында қызу талқыланған "Жастар Сыры" реалити-шоуының бірінші маусымының тұсаукесерін жариялады.
Дәстүрлі телеформаттар туралы қалыптасқан түсінікті өзгерткен және әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралым жинаған жоба енді Қазақстанда ресми түрде ұсынылады. Енді қазақстандық көрермендер түпнұсқа маусымның барлық бөлімін жоғары сапада әрі жарнамасыз тамашалай алады.
"Жастар Сыры" – аймақтық нарық үшін тың серпін әкелген нағыз прецедент. Жобаның алғашқы маусымы Қырғызстанның медиакеңістігінде үлкен феноменге айналды. Көрермендер кейіпкерлердің әрбір әрекетін талқылап, олардың құпияларына қатысты болжамдар жасап, айтқандарын дәйексөзге айналдырды. Бұл табыстың сыры – форматқа жасалған мүлдем жаңа көзқараста. Авторлар дәстүрлі реалити жанрын қайта қарастырып, аудиторияға шынайы әрі ашық диалог ұсынды. Сюжет желісі сыртқы әлеммен байланыссыз, қала сыртындағы үйде бір апта оқшауланған 8 бейтаныс жастың айналасында өрбиді. Басты интрига ерекше ережеге негізделген: қатысушылар бір-бірінің жасы мен қай жерде жұмыс істейтінін білмейді. Бұл олардың мүмкіндігін теңестіріп, қандай да бір бетпердесіз, өз болмысын шынайы көрсетуге мүмкіндік береді. Көрерменнің көз алдында кейіпкерлер жабық тақырыптарды қозғайды, қоғамның талаптары мен "ұят" ұғымына тап болады, алғашқы кездесулердегі ыңғайсыздықты еңсеріп, өзара салауатты қарым-қатынас орнатуға ұмтылады.
"Мықты отандық әрі аймақтық контентті қолдау — біздің басты басымдығымыз. Біз "Жастар Сыры" жобасының бірінші маусымы қандай зор табиғи қызығушылық тудырғанын көрдік — ол Бішкектен бастап Алматыға дейін барлық жерде қызу талқыланды. Көрермендер сүйікті сәттерін барынша жайлы жағдайда қайта көруі үшін немесе бұл шоуды алғаш рет тамашалауы үшін осы хитті медиатекамызға қосқанымызға қуаныштымыз", — деп атап өтті MEGOGO бас директоры Нұрлан Чукубаев.
Бірінші маусымның MEGOGO платформасына қосылуы көрерменге бірқатар қолайлылық сыйлайды: Full HD сапа, жарнамалық үзілістердің болмауы және бөлімдерді жолда интернетсіз көру үшін смартфонға немесе планшетке жүктеп алу мүмкіндігі.
"Жастар Сыры" жобасының бірінші маусымындағы барлық 12 бөлім 6 қарашадан бастап MEGOGO жазылушыларына "Шоу" бөлімінде қолжетімді болады.
Серіктестік ақпарат
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:47, 4 қараша 2026
Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 құрылысына Энергетика министрлігі де жауапты – министр
-
16:35, 4 қараша 2026
Қазақстан банктерінде алаяқтыққа қарсы талаптар күшейтіледі
-
16:27, 4 қараша 2026
Қазақстанда 870 мың адам баспана кезегінде тұр: министр жағдайды түсіндірді
-
16:15, 4 қараша 2026
Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды
-
16:07, 4 қараша 2026
Алматы мен Шымкентте ауа температурасы +23 градусқа дейін көтеріледі: 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамы





