Танымал әнші, Талдықорған тумасы Анатолий Цой жұбайымен шіркеуде неке қидырды

13:18, 22 шілде 2026
MKZ: 1557395

© Сурет: Instagram/anatoliytsoy_official

Қазақстандық SuperStar KZ жобасының қатысушысы, әнші Анатолий Цой жұбайымен шіркеуде неке қию рәсімін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анатолий Цой – Талдықорған қаласының тумасы. Ол көпшілікке алғашында Қазақстандағы SuperStar KZ жобасы арқылы танылып, кейін Ресейдегі "Хочу к Меладзе" шоуында жеңіске жетті. Осыдан кейін әйгілі MBAND тобының құрамына қосылып, үлкен сахнадағы жолын бастады.

Өнер иесі шаңырақ көтергені жайлы Instagram парақшасында хабарлап, шіркеудегі неке қию рәсімінен бірнеше сурет жүктеді.

Танымал әнші, Талдықорған тумасы Анатолий Цой жұбайымен шіркеуде неке қидырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 13:18

Сурет: Instagram/anatoliytsoy_official

Бұл ретте, әнші жұбайының жүзін көрсетпей, жеке өмірін көпшілікке жария етпеуді жөн көрді.

"И я надел ей кольцо на пальчик..",- деп өнер иесі "Она вернется" хитінің тармағын еске алды.
Танымал әнші, Талдықорған тумасы Анатолий Цой жұбайымен шіркеуде неке қидырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 13:18

Сурет: Instagram/anatoliytsoy_official

Айта кетейік, Анатолий Цойдың үйленгені жайлы қауесет бірнеше жылдан бері таралып келеді. Алайда, әнші жұмысы мен жеке өмірін бөлек ұстайтынын айтып, жағдайға ешқандай пікір білдірмей келген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!