Стратегиялық цифрлық майнинг жүргізу қағидалары бекітілді
© Фото: Zakon.kz
Үкіметтің 2026 жылғы 18 шілдедегі қаулысымен стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыруды жоспарлайтын цифрлық майнер уәкілетті органның кеңсесі арқылы немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" цифрлық объектісі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыруға өтініш (өтініш) жібереді.
Өтінішке цифрлық майнердің мынадай талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар қоса беріледі:
- меншік құқығындағы қуаты 150 (жүз елу) МВт-тан кем болмайтын цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығының болуы;
- рұқсат етілген қуаты бір мегаваттан кем болмайтын, кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардан ғана электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттардың болуы;
- әр бірлігінің есептеу қуаты (хэшрейт) 150 TH/s-тан кем болмайтын цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы;
- бюджетке төленетін міндетті төлемдер, соның ішінде салықтар, алымдар, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;
- қатысушының (цифрлық майнердің) меншігіндегі мүлікке кепіл, тыйым салу, иеліктен шығаруға тыйым салу және билік ету құқықтарының өзге де шектеулері түріндегі ауыртпалықтардың болмауы;
- дерек беру бойынша қызметтер көрсетуге (Интернет желісіне қол жеткізу) байланыс операторларымен кемінде екі шарттың болуы;
- цифрлық майнингтің деректерін өңдеу орталығының аумағында цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді жөндеу жөніндегі сервистік орталықтың, сондай-ақ персоналда жабдықты пайдалануға жауапты жұмыскерлердің біліктілігін растайтын құжаттардың (дипломдар, біліктілік беру туралы куәліктер, жабдықты шығарған зауыттардың оқыту сертификаттары немесе білімі және кәсіптік даярлығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар) болуы.
Уәкілетті орган өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтініш пен құжаттардың толықтығын, сондай-ақ оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.
Өтініш пен оған қоса берілген құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда уәкілетті орган оларды комиссияның қарауына жібереді. Комиссияның құрамы мен ережесін уәкілетті орган бекітеді.
Комиссия өтініш пен құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
- цифрлық майнердің белгіленген талаптарға сәйкестігін;
- квота көлемінде электр энергиясының бос көлемінің болуын қарайды.
Қарау нәтижелері бойынша комиссия цифрлық майнердің белгіленген талаптарға сәйкестігі, сәйкес келмеуі не бекітілген квота шеңберінде электр энергиясының бос көлемінің болмауы туралы шешім қабылдайды және қорытындыны уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган комиссияның қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде цифрлық майнерге хат жібереді.
Комиссия цифрлық майнердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган цифрлық майнерге анықталған сәйкессіздіктерді көрсетіп хат жібереді.
Анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін цифрлық майнер сұратылған квота үшін электр энергиясының бос көлемі болмаған жағдайларды қоспағанда, қайтадан өтініш бере алады.
Уәкілетті органнан оң жауап хат алған жағдайда цифрлық майнер 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
- нысан бойынша "Астана Хаб" дербес кластерлік қорымен шарт жасасады;
- тізбедегі энергия өндіруші ұйыммен нысан бойынша электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасады.
Цифрлық майнер стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру шеңберінде цифрлық майнинг пулы өндірген цифрлық активтерді бөлу үшін цифрлық активтердің жеке әмиянын ашады.
Цифрлық майнер цифрлық майнинг жөніндегі қызметті стратегиялық цифрлық майнингпен қатар жүзеге асыра алады.
Сондай-ақ ұлттық стратегиялық крипторезервке беруге жататын цифрлық активтердің көлемін айқындау тәртібі бекітілді.
Қаулы 2026 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:07, 22 шілде 2026
«Ауыл – ел бесігі»: Қызылорда облысында екі жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді
-
16:57, 22 шілде 2026
Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді
-
16:44, 22 шілде 2026
22 шілдеден бастап Астанадан Тілендиев даңғылы арқылы шығу бағыты өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек
-
16:30, 22 шілде 2026
Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығуына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
-
16:18, 22 шілде 2026
Алматыда жаппай төбелес туралы хабарлама полицейлерді аяқтан тік тұрғызды





