Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады
© Сурет: ҚР Жоғарғы Соты
Салтанат Нүкенованың өлімін жасыру ісі бойынша 4 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың немере ағасы Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы сотталған азаматтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгін, 2026 жылғы 22 шілдеде өткен сот отырысында Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасау туралы акт қолданылып, оны дереу босату туралы қаулы шығарылған.
"Жазаның өтелмеген бөлігі үш айдан сәл ғана асатын. Бүгін Бақытжан отбасына оралады", – деді Ғазиз Ынтықбаев.
Белгілі болғандай, Байжанов жазасын Ақмола облысы Степногорск қаласындағы орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеген.
Еске салайық, Бақытжан Байжанов бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша Салтанат Нүкенованың өлімін жасыру айыбымен сотталған болатын. 2024 жылғы мамырда сот оны кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған еді.
Ал 2025 жылғы тамызда Конституцияның 30 жылдығына орай қабылданған рақымшылық туралы заң негізінде оның жазасының өтелмеген бөлігі үштен біріне қысқартылды. Соның нәтижесінде түпкілікті жаза мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн болып белгіленген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:33, 22 шілде 2026
Айыппұлдардың бар-жоғын тексеру әрі оны төлеу үшін кезекке тұрудың қажеті жоқ - тиімді мемқызмет туралы
-
17:33, 22 шілде 2026
Айыппұлдарды тексеріп, төлеу үшін кезекке тұрудың қажеті жоқ - тиімді мемқызмет туралы
-
17:23, 22 шілде 2026
Елімізде жоғары оқу орнына түскісі келетіндерге тағы бір мүмкіндік берілді
-
17:07, 22 шілде 2026
«Ауыл – ел бесігі»: Қызылорда облысында екі жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді
-
16:57, 22 шілде 2026
Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді





