Алакөл жағалауында дронмен рейд жүргізілді
© Фото: unsplash
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Алакөл көлінің жағалауында Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері дронның көмегімен рейдтік іс-шара өткізді.
Заманауи технологияларды пайдалану арқылы жағалау аумағына әуеден мониторинг жүргізіліп, қоршаған ортаны ластау фактілері анықталды.
Мұндай тәсіл құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және табиғи аумақтардың тазалығын тиімді бақылауға мүмкіндік береді.
Рейд барысында полиция қызметкерлері демалушылармен және жергілікті тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Азаматтарға тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға тастау, табиғатты аялау және қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігі ескертілді.
Алакөл – еліміздің табиғи байлығы әрі мыңдаған туристер келетін ерекше демалыс орны. Оның тазалығы мен көркін сақтау – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осыған байланысты полиция табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоқысты бей-берекет тастамауға және қоршаған ортаны таза ұстауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:07, 22 шілде 2026
«Ауыл – ел бесігі»: Қызылорда облысында екі жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді
-
16:57, 22 шілде 2026
Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді
-
16:44, 22 шілде 2026
22 шілдеден бастап Астанадан Тілендиев даңғылы арқылы шығу бағыты өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек
-
16:30, 22 шілде 2026
Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығуына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
-
16:18, 22 шілде 2026
Алматыда жаппай төбелес туралы хабарлама полицейлерді аяқтан тік тұрғызды





