Танымал ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеден озды

20:32, 6 маусым 2023
318

© Сурет: Facebook/Жазушылар одағының Маңғыстаудағы филиалы

Белгілі қаламгер-публицист, Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының директоры, ақын, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиевтың 74 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабармен Жазушылар одағының Маңғыстаудағы филиалы Facebook-тегі парақшасында бөлісіп, марқұмның отбасына, атыраулық әдеби орта, барша қаламгерлер қауымына көңіл айтты.

"Тележурналистика, сахна өнері, қоғамдық қызмет, әдебиет пен өнердің сан саласында ұйымдастырушылық пен талантын аянбаған жақсы ағаның жарқын жүзі ұмытылмайды. Топырағы торқа, иманы жолдас болғай!", делінген көңіл айту жазбасында.

Қойшығұл Жылқышиев 1948 жылы 24 қазанда Атырау облысының Индер ауданындағы Жарсуат ауылдық кеңесіне қарасты Жаманқұдық жайлауында дүниеге келген.

1975 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ теледидарында қызмет істеген. "Өнерпаз" қоғамдық қайырымдылық қорының президенті. Республикалық "Махамбет" қорының тете-президенті. Ұзақ жыл Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының директоры болды.

1996 жылы М.Өтемісұлы туралы публицистикалық мақалары үшін Қазақстан Журналистер одағының А.Байтұрсынов атындағы сыйлығын алды. "Тұңғыш" (1978), "Мұң-кітап" (1998), "Асаукер" (2001) жыр кітаптарының авторы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!